ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сізді
және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы облыстық денсаулық сақтау
басқармасының қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз
- жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау
мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз
шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Әр
жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Тәуелсіз еліміздің ажары мен
айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай беретіндігі сөзсіз. Осынау төл
мерекемізді облысымыздың барша еңбеккерлерімен бірге, медицина саласы
қызметкерлері де игі жақсылықтармен, жарқын жетістіктермен қарсылап отыр.
Ежелден
жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз
адам саулығын қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелгей.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, арайлап атқан әрбір таң баршамызға шат
көңіл, бақыт және береке сыйласын.
Ақ мол, жыл ырысты болғай!
Құрметпен,станция бастығы Т.Аязбаев
|