Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – біздің халқымыздың ерлігі мен даңқы. Соңғы жылдардағы бірқатар тарихи оқиғалардың орын алуына қарамастан, 9 мамыр – Жеңіс күні – өзгермейтін, барша халық ықыласпен сүйетін, аса қымбатты, қайғылы да қасіретті, сонымен қатар жарқын мерекелердің бірі болып қала бермек. Соғыста қаза тапқан және бейбіт кезеңде өмірден өткен ардагерлерге мәңгілік құрмет, ал біздің арамыздағы ардагерлерге ұзақ өмір тілейміз. Аға буын ардагерлеріміз қорғап қалған Отанымыз – Қазақстан Республикасының аспаны әркез ашық болып, бейбітшілік пен ынтымақ әрдайым үстемдік құра бергей!
Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан Т. Аязбаев
|