Құрметті әріптестер!
Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміздің береке-бірлігін, егемендігі мен әлемдік беделін айқындайтын, туған жеріміздің мақтанышы саналатын бұл мереке барша халқымыз үшін қастерлі де мерейлі күнге айналып отырғаны белгілі. Егемен еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз саясаты мен ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінде мемлекетіміз әлем таныған, экономикасы ілгері дамыған, әлеуметтік жүйесі жетілген жетекші елдердің біріне айналып келеді. Мемлекетіміздің гүлденіп өсуі, еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың береке-бірліктің ерен үлгісін көрсетуі, барша халқымыздың ырыс-ынтымағы, жаңа мақсаттарға қол жеткізуіміз, әркез рухымыздың биік болып, салт-дәстүріміздің жаңғыруы және басқа да игілікті істерде Елбасымыздың ұлт қамы үшін атқарған қажыр-қайраты, сарабдал саясаты айқын көрінеді. Халқымыздың зор қолдауына ие Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында еліміз алда да толайым табыстарға қол жеткізіп, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Бұл қастерлі мереке Сізге және ұжым қызметкерлеріне тың табыстар, отбасыларыңызға амандық, жан жадыратар жарқын күндер сыйлағай!
Құрметпен, станция басшысы Т.Аязбаев
|