ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан киелі тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы – елордамыз Астана қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел өміріне біркелкі ырғақ беріп, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық тыныс-тіршіліктің күре тамырына айналған еліміздің бас қаласы – Астананың 16 жылдығын бүгін республика жұртшылығы айрықша атап өтуде. Осы жылдар ішінде Астана – елдігіміздің символына айналды.
Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келісіп, бірлігі мен ынтымағы жарасып, көкке самғаған зәулім биік ғимараттары бар, Есілге қонған аққудай, бұл әлемдегі ең жас, көркем қала Астананың қалыптасуы – Елбасымыз Нұлсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз да, салиқалы саясатының, көреген бастамашылдығының жемісі.
Тәуелсіз Отанымыздың елордасы Астана күні қарсаңында Сізге және ұжым қызметкерлеріне бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.
Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе бергей!
Құрметпен, станция басшысының м.а. Т.Аязбаев
|