ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шынайы көңілден құттықтаймын!
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда азаматтардың тікелей еріктерімен қабылданған еліміздің Ата Заңы қоғамымыздың жедел дамуына жағдай туғызды. Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған осынау Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжатқа айналғаны даусыз.
Тарихымыздағы айрықша оқиғалардың бірі – еліміздің дербестігін айқындайтын Ата заңымызға 19 жыл толуы қастерлі мерекесі күні Сізге және ұжымыңызға табысты еңбек, берекелі бірлік пен мерекелі тірлік тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз кемел, Ата Заңымыз баянды болсын!