Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Сізді Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.
Халық алдында, мемлекет алдында толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Құрметпен, станция басшысы Т.Аязбаев
|