ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сізді және Сіз арқылы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан қастерлі мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шынайы көңілден құттықтаймын!
Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді.
Бүгінде Қазақстан бүкіл әлем мақтанышпен айта алатын мемлекетке айналды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы ширек ғасыр аралығында толағай табыстарға қол жеткізді. Еліміздің болашағын дамытып, ынтымақ пен бірлікті орнатып отырған Президентіміз – кемеңгер Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жолында ғасырға бергісіз осынау жылдар ішінде жасампаз істер атқарды. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы Астана күннен күнге гүлденуде. Келер жылы еліміз үшін абырой саналатын әлемдік көрме ЭКСПО-2017 өткелі отыр.
Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кеше берейік.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты, егемендігіміз мәңгілік, тұғырымыз биік болғай!
Құрметпен,
станция басшысы Т.Аязбаев
|