Сіз арқылы ұжымның нәзік жанды аруларын Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің қазіргі қоғамымызда нәзік жандылар тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол қоғамның басқа да салаларына, соның ішінде саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесіне айналғандығы баршаға мәлім. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріліп келеді. Бұл орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз саясаты нәтижесінде гендерлік теңдіктің көрініс табуы – осының айқын жемісі.
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүрген нәзік жан иелері – әйел қауымына зор алғыс білдіріп, бас иеміз.
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында ұжымның барша аруларына бақ-береке, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.
Мерейлі мереке құтты болсын!