ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сізді және Сіз арқылы өзіңіздің басқаруыңыздағы ұжым қызметкерлерін Орал обаға қарсы күрес станциясы ұжымының атынан 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шынайы көңілден құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің даңғыл жолына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды дамып келеді. Биыл қастерлі 25-жылдығымызды атап өтетін осынау егемендік жылдары ішінде алған асуларымыз бен қол жеткізген жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің еншісі мол. Барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің нәтижесінде еліміз бейбітшілік пен татулықтың, достықтың айрықша үлгісін паш етуде. Осынау ізгіліктің арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғаны күмәнсіз. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде Сіздің ұжым қызметкерлерінің де өзіндік үлесі бар.
Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін Сізге және ұжымыңызға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін.
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігі нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!
Құрметпен,
станция басшысы Т.Аязбаев
|